ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КЕМЕЛ ТӨРТ ӘЙЕЛ (баллада)
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көптеген еркек кемелдікке жетті, бірақ, әйелдер арасында кемелдікке жеткен төртеу ғана: Имранның қызы – Мәриям, Музахимның қызы – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің қызы – Фатима» деген хадисті келтіреді (Бұхари). Адамзатты тура жолға бастаған, Әрбір ісі, әрбір сөзі дос маған. Пайғамбарым, сен әлемнің нұрысың, Саллалаһу әлейһи уә сәлләм! Талай жанның тәубе дейтін таңысың, Арсыздармен арпалыстың ар үшін. Мың еркектің міндетінен жоғары, Биік қойдың нәзік жанның...